ҚАЖ қызметкерлері қарттарды құттықтады

1 Қазан 2020, 20:15
1704
Бөлісу:
ҚАЖ қызметкерлері қарттарды құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің ұжымы ардагерлерге сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Мерекелік шарада құрмет демалысында жүрген зейнеткерлер атына игі лебіздер айтылды.

Қарттарды құрметтеу кейінгі ұрпақтың парызы. Кезінде олар да жас болды, еліне еңбегін сіңірді. Ал бүгінгі бойынан күш-қуаты тайған шағында қамкөңіл жандардың көңілін аулай білу де кісілік. Халықаралық қарттар күніне орай ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлері үнсіз қалуды жөн санамапты. Құрмет демалысында жүрген  зейнеткерлердің үйіне арнайы барып, атаулы мерекемен құттықтады.

Ізбасарларымен  шер тарқатып шүйіркелесуге мүмкіндік туғанына  Сергей Бабаян дән риза. Тыл ардагері қазір құрмет демалысында жүр. Көпті көрген көне көз қария  ақыл-кеңестерімен бөлісіп, көпшілікке үлгі бола білді. Мерекелік шарада  ҚАЖ қызметкерлері қарияға арнайы әкелген сый-сияпаттарын тарту етті. Өз кезегінде ізбасарларымен ашық-жарқын шүйіркелесіп, бір жасап қалған қария мекеме ұжымына алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы