Бас жаңалықтар
Әзербайжанда карантин режимі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды
24 Шілде 2021, 07:50 378

Әзербайжанда карантин режимі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан Республикасының аумағында ерекше карантин режимі 2021 жылғы 1 қыркүйек, сағат 06.00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды АзерТадж агенттігі.

Осыған байланысты Әзербайжан Республикасының премьер-министрі Әли Асадов қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, 31 шілде 00:00-ден 2 тамыз 06:00-ге дейін, 7 тамыз 00:00-ден 9 тамыз 06:00-ге дейін, 14 тамыз 00:00-ден 16 тамыз 06:00-ге дейін, 21 тамыз 00:00-ден 23 тамыз 06:00-ге дейін, 28 тамыз 00:00-ден 30 тамыз 06:00-ге дейін Баку метрополитенінде, сондай-ақ қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалы тоқтатылады.

Қаулы 2021 жылғы 31 шілдеде күшіне енеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...