Бас жаңалықтар
Әзербайжан Ресейдің әскери тікұшағын атқанын мойындады
10 Қараша 2020, 02:31 441

Әзербайжан Ресейдің әскери тікұшағын атқанын мойындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Ми-24 тікұшағын Әзербайжанмен шекаралас Арменияның территориясында зениттік-зымырандық портативті жүйеден атып түсірілді. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша ТАСС жазды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, экипаждың екі мүшесі қаза тауып, біреуі орташа дәрежеде жарақат алған. Тікұшақ Таулы Қарабақтан 100 шақырым жерде, Нахичеван Автономиялық Республикасының (Әзербайжан Республикасы) шекарасына жақын орналасқан Ерасх ауылының маңында атып түсірілді.

Әзербайжан Ресей тікұшағын атып түсіргенін мойындап, кешірім сұрады. Сондай-ақ Баку барлық өтемақыны төлеуге дайын екенін мәлімдеді. Тікұшақты қараңғы уақытта армян тарапының тікұшағы екен деп қалған және арандату болмас үшін соққы жасауға шешім қабылдаған.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...