Әзербайжан Қарабақтағы мина қауіптілігі туралы ескертті

29 Қараша 2020, 16:56
1537
Бөлісу:
Әзербайжан Қарабақтағы мина қауіптілігі туралы ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі босатылған аумақтарды аралауға байланысты азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлады AЗЕРТАДЖ.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Ильхам Әлиевтің басшылығымен Әзербайжан армиясы өздеріне тиесілі аймақты қайтарды. Әзербайжан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен түскен бірлескен хабарламада біздің азаматтардың ұзақ жылдар бойы жаулап алған жерлерін аңсап келе жатқан ұмтылысы түсінікті екендігі айтылған. Алайда кейбір азамат алдын ала жасалған ескертулерді елемей, осы аумақтарға сапар жасайды, - делінген хабарламада. 

28 қарашада бірқатар азамат Физули ауданындағы Горган мен Ашагы, Сейдахмедли ауылдарының арасында миналанған учаске бар екенін ескермей, осы бағытта 90-BL-558 нөмірлік белгісі бар «Toyota Land Cruizer» автокөлігімен қозғалысын жалғастырды. Нәтижесінде олар танкке қарсы минаға түсіп, қайтыс болды.

Қауіпті назарға ала отырып, халықты тағы бір рет ескертеміз және босатылған аудандар миналардан және басқа да жарылғыш құрылғылардан толық тазартылғанға дейін оларға тиісті рұқсатсыз бармауды сұраймыз, - деп хабарлады олар.


Өзгелердің жаңалығы