«Азаматтық бақылау». Акцияға қатысқандарға 3 млн теңге сыйақы төленді

22 Қыркүйек 2020, 11:22
1751
Бөлісу:
«Азаматтық бақылау». Акцияға қатысқандарға 3 млн теңге сыйақы төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтық бақылау» акциясы қатысушыларына 3 млн теңге сыйақы төленді. Бұл туралы МКК баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылы акция басталғалы азаматтардың хабарламалары бойынша 3 000 бұзушылық фактісі расталды және 3 млн теңге сомаға сыйақы төленді. Оның ішінде қайта бұзушылық жасаған 90 кәсіпкер 2,6 млн теңге айыппұл төлеуге тартылды, - делінген комитет хабарламасында.

«Азаматтық бақылау – чек талап ет» жыл сайынғы акция 12 мамырдан бастап өтуде. Осы акция аясында азаматтар фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылықтары туралы хабарлауына болады. 

Фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылық фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon» ақысыз мобильді қосымшасын жүктеп хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон шотына (1000 теңге) сыйақы алуға болады. 

«Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясында кез келген азамат қатыса алады. Барлық жіберілген арыздар мемлекеттік кірістер органдарында қаралатынын хабарлайды, - деп хабарланды Мемлекеттік кірістер комитетінен. 

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заң бұзуға мүлдем төзбеушілік көрсетуге және «Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы