Бас жаңалықтар
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басшысы тағайындалды
08 Сәуiр 2019, 12:05 572

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы корпорацияның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Жалғыз акционер - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шешімімен Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды.

Әсемгүл Серікқызы 1977 жылдың 8 шілдесіне дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін (мамандығы - «бухгалтерлік есеп шаруашылықтағы бақылау және сараптама»), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (мамандығы - «экономика және менеджмент») тәмамдаған.

1997-2011 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ басқарған. Кейін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-да директор орынбасары, бас директор қызметтерін атқарған.

2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылған шақта мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі дирекциясына басшылық етті.

2017 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.




Фото: дереккөз

Сізден жаңалық