Бас жаңалықтар
Азаматтар өз еркімен 53 мың заңсыз қаруды қайтарып берді - ІІМ
12 Сәуiр 2021, 11:24 203

Азаматтар өз еркімен 53 мың заңсыз қаруды қайтарып берді - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк халықтан заңсыз сақталудағы қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.

Ішкі істер министрлігі дәстүрлі түрде халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша республикалық акцияны ұйымдастырады. 2008 жылдан бастап осындай 10 іс-шара жүзеге асырылды. Оны қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. Осы акциялар аясында халық өз еркімен 53 мың оқ ататын қару мен 2 млн-нан астам оқ-дәріні тапсырды, - деді ол.

Ол атағандай, барлық қару 1,7 млрд теңгеге сатып алынды. Бұл криминогендік жағдайға оң әсер еткен.
Соңғы 5 жылда қару арқылы жасалатын қылмыс саны жартысынан көбіне қысқартылды. Заңсыз сақталған қару мен оқ-дәріні өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылад. Биыл акция 20 сәуірде басталады. Оның жүщеге асыруға 95 млн теңге бөлінді. Қаруды алу шаралары Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен жүзеге асырылады. Қаруын тапсырғысы келген азамат кез келген полиция бөліміне барып арыз жаза алады. Азаматтар телефон арқылы хабарласса, полиция қызметкерлері қажетті жерге жетіп, іс-шараны жүзеге асырылады, - деді ол.

Милюк айтқандай, қаруды сатып алу оның техникалық жағдайына қатысты данасына 30 мыңнан 300 мың айналасында бекітіледі.
Материалдық бағаның құнын аудан мен оьблыстарда құрыолған комиссия анықтайды. Комиссия 3 категория бойынша қаруды қабылдайды. Бірінші категорияға жататын қару үшін 100 пайыз құны төленсе, екінші категорияға жататын қару 50 пайыз, үшінші категорияға жататын қару үшін 30 пайыз төленеді, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...