Азаматтар некеге тұру туралы куәлікті кез келген жерде шығарып ала алады

4 Мамыр 2022, 11:03
3397
Бөлісу:
Азаматтар некеге тұру туралы куәлікті кез келген жерде шығарып ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Цифрлық даму басшысы Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Цифрлық құжаттарды өз қажеттілігіне жаратып, белсенді пайдаланып жатқан азаматтардың қатары жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2021 жылы цифрлық құжаттарды 32 млн рет пайдаланса, ал 2020 жылы небәбі 3,6 млн рет қолданылған, - деді министр.

Оның айтуынша, заң жобасында электрондық құжаттарды қағаз түріндегі баламасымен тең дәрежелі етіп заңдастыру, электрондық құжаттарды толыққанды қолдануға кедергі келтіретін заңдардағы қайшылықтар мен әртүрлі оқылымдарды алып тастау және цифрлық құжаттардың қолданылу аясын кеңейту көзделген. 

Мемлекет басшысы базалық құжаттарды электрондық форматта заңды түрде тану қажеттігі туралы айттыЗаң жобасында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктерді электрондық форматқа ауыстыру қарастырылған. Бұл азаматтар үшін ыңғайлы болмақ, өйткені мекемелерге бару міндетінен босатылады, азамат кез келген уақытта құжатты басып шығара алады немесе QR-коды бар электрондық нұсқасын ұсына алады. Оның үстіне құжатты жоғалтып алса, телнұсқа жасату қажет емес, - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Сөзінше, азамат өзі қаласа немесе шетелге кеткен жағдайда құжатты қағазға басып шығара алады.

Деректерді актуализациялау ең алдымен отбасылық жағдайдан басталуы тиіс, ал мұндай маңызды ақпарат жылдар бойы АХАТ (ЗАГС) бөлімшелерінде жинақталған. Бұл процес жылдам және жүйелі түрде жүруі үшін азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу (АХАТ) жөніндегі функциялар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі. Себебі корпорацияда қажетті сервистік инфрақұрылымдар және құзыреттілігі бар, - дейді ведомство басшысы.

Айтуынша, әділет органдарында азаматтық хал актілерін тіркеуді нормативтік реттеу, әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі құзыреті қалады.

Өзгелердің жаңалығы