Тоқаев: Азаматтардың дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымы орынды

5 Шілде 2020, 15:12
1309
Бөлісу:
Тоқаев: Азаматтардың дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымы орынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты пікір білдірді.

Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына бұл мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады, - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы