Азаматтар Ішкі істер министріне шеше алмаған мәселелерін айтты

18 Қараша 2021, 10:12
1236
Бөлісу:
Азаматтар Ішкі істер министріне шеше алмаған мәселелерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтар Ішкі істер министрінің көмегімен өңірлерде шеше алмаған мәселелерін айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды кезекті онлайн-форматта қабылдады.

Қабылдауға Тергеу, Өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің бастықтары, министрліктің басқа да өкілдері және аумақтық Полиция департаменттерінің басшылары қатысты. Азаматтарды қабылдау – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір әдісі.

Тұжырымдама аясында ІІМ полицияның халыққа жақын болуын қамтамсыз етіп, азаматтардың мәселелеріне назар аударып, дереу шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін азаматтарды қабылдауды үнемі ұйымдастырады. Бұл жолы азаматтар өңірлік деңгейде шеше алмаған проблемаларымен бөлісті. Мысалы, Қарағанды қаласының тұрғыны министрден әділдік орнатуға көмектесуді сұрады.

Ол ипотекалық несие бойынша баспана сатып алып, қарыздың көп бөлігін төлеген, бірақ төлемді кешіктірген. Оның айтуынша, құжаттарды қолдан жасау салдарынан әйелдің баспанасы төмен бағамен сатылып, ол үйсіз қалған. Ерлан Тұрғымбаев бұл істі жеке бақылауға алып, толық тексеру жүргізуді тапсырды. Министр өтініш беруші тұрғын үйінің тағдыры тергеу нәтижелеріне байланысты болатынына баса назар аударды. Онлайн-кездесу барысында түрлі сипаттағы сұрақтар мен шағымдар түсті: полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне арыздану, қылмыстық істі қысқартуға немесе оның нәтижесімен келіспеуге қатысты мәселелер. Қабылдауға жазылғандардың арасында сотқа жіберілген істерін сапалы және жан-жақты тергеген полиция қызметкерлеріне алғыс білдіргендер де болды.

Бір кездері полицейлерден қорқатынбыз. Қазір мен азаматтардың полицияға деген сенімінің арта бастағанын байқадым, – деді елорда тұрғыны Арман Идирисов.

Министр ІІО қызметкерлерінің жұмысына жоғары баға бергені үшін алғыс айтты. Қабылдау соңында Ерлан Тұрғымбаев әрбір айтылған іс мұқият зерделенетініне және азаматтардың проблемалары шешілетініне сенім білдірді. Жыл басынан бері Министрлік басшылығы 300-ге жуық азаматты қабылдады.
Өзгелердің жаңалығы