Бас жаңалықтар
Үндістан Қазақстандағы азаматтарын эвакуациялай бастады
26 Мамыр 2020, 19:12 258

Үндістан Қазақстандағы азаматтарын эвакуациялай бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үндістан "Ванде Бхарата миссиясы" аясында Қазақстандағы Үндістан азаматтарын эвакуациялай бастады. 

Бүгін Air India AI1950 арнайы рейсі Қарағандыдан Дели мен Джайпурге 143 үндістандықты эвакуациялады. 

Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумар мырзаның айтуынша, миссия аясында мыңға жуық азамат еліне көшіріледі.

Ванде Бхарат миссиясы аясында 1000 үндістандықты эвакуациялаймыз. Қарағанды, Алматы және Нұр-Сұлтаннан 7 рейс жасалады. Елшілік Қазақстаннан көшіретін 3400 үндістандықты тіркеді. Қалған үндістандықтар миссияның келесі кезеңінде көшірілетін болады. Сонымен қатар елшілік Атырау мен Нұр-Сұлтаннан жұмыс істейтін үндістандықтар үшін чартерлік рейс жасауға рұқсат сұрап отыр. Біз Үндістанның сыртқы істер министрлігіне, ҚР СІМ, Қарағанды, Алматы, Атырау мен Нұр-Сұлтан әуежайларының әкімшілігіне эвакуация жасауға көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. Сондай-ақ елшіліктің медқызметкерлері мен көшіру жұмысына атсалысқан барлық қызметкерге алғыс айтамын, - деді Елші.

Қарағандыда оқитын үндістандық студент еліне оралатынына қуанышты екенін айтып, сезімімен бөлісті.

Біз Қарағанды медицина университетінің студенттеріміз. Ванде Бхарата миссиясы аясында елімізге аттанып жатқанымызға қуаныштымыз. Студенттер үшін, үндістандықтар үшін ұйымдастырған миссия үшін Үндістан Үкіметіне, СІМ, ДСМ-ге, оның ішінде Үндістанның премьер-министрі Нарендр Моди мырзаға рахмет айтамыз. Сонымен қатар төтенше жағдай және карантин кезінде біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз еткендері үшін Қарағанды медицина университетінің барлық ұстазы мен қызметкеріне алғыс айтамыз, - деді Қарағанды медицина университетінің студенті.


Фото: дереккөз
Загрузка...