Қазақ қызы ТМД әйелдерінің арасында алғаш болып Ла-Маншты жүзіп өтті

23 Тамыз 2019, 23:45
1706
Бөлісу:
Қазақ қызы ТМД әйелдерінің арасында алғаш болып Ла-Маншты жүзіп өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англия мен Францияның арасында Солтүстік теңізі мен Атлант мұхитын жалғап жатқан Ла-Манш атты бұғаз бар. Осы екі ел арасындағы 34 шақырымды қазақ қызы Әнел Сытдықова жүзіп өтті, деп хабарлады 24.kz.

Бұл қашықтықты ең алғаш 1875 жылы ағылшын азаматы Мюттью Уэбб еңсеріпті. Содан бері әлемде мыңнан аса спортшы ғана бұғазды жүзіп өткен. Ал ТМД әйелдерінің арасында алғашқысы - Әнел Сытдықова. 41 жастағы спортшы 3 баланың анасы. Батыс Қазақстан облысында туған. Мамандығы - экономист. Ол бұған дейін 4 мәрте «темір адам» атағына ие болыпты. 10 шақырым жүзіп, 421 шақырым велосипедпен және 84 шақырымы жүгіруден тұратын «Ультраман» сайысына да қатысып, мәреге дейін жеткен. Сөйтіп қазақтың қайсар қызы 34 шақырымды 15 сағатта жүзіп өтті.

«3 сағат жарым жүзіп, 16 шақырым өткенде толқын соғып жіберді. Анда екі мың кісі келеді жылына, 10-15-і өтеді. Толқын, толқын, толқын. Бірінші – салқын, 16-17 градус, кеше жүзгенде де 16-дан бастады. Францияға жақындағанда 18-19 болды. Енді осы сәті түсіп, 17-сі барғанда дауыл болған жоқ. Биыл енді күтті. Дүйсенбі күні кестеде тұрған. Рұқсат сол сейсенбі түнде сағат екіде бастаған, кеше сәрсенбіде сағат 4-те бітірген. 15 сағат 15 минутта 38 шақырым жүзіп шыққан»,-дейді Әнелдің әкесі Әлібек Сытдықов.


Өзгелердің жаңалығы