Қазақстанның Тәуелсіздік күні Нью-Делиде атап өтілді

17 Желтоқсан 2019, 17:05
13198
Бөлісу:
Қазақстанның Тәуелсіздік күні Нью-Делиде атап өтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның үкіметтік, парламенттік, қоғамдық және кәсіби ұйым өкілдері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Нью-Делиде салтанатты шара ұйымдастырып, елімізге ізгі тілектерін арнады, деп хабарлады "Хабар 24".

Шараға қатысқан Қазақстанның Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев еліміздің егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму жолын баяндады. Сонымен қатар екі ел арасындағы энергетика, ақпараттық технология, туризм саласын дамытудағы ынтымақтастық та тілге тиек етілді.

Сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымының миссиясы аясында Ливандағы Қазақстан мен Үндістанның бірлесе атқарған бітімгершілік қызметі де назардан тыс қалмады. Ал, "Самрад" этнофольклорлық ансамблінің орындауындағы қазақтың халық әндері мерекелік жиынның сәнін келтірді.


Өзгелердің жаңалығы