Қазақстанның кәсіпқой бокстағы әлеуеті мықты

11 Қаңтар 2020, 15:20
94101
Бөлісу:
Қазақстанның кәсіпқой бокстағы әлеуеті мықты

Алматы, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) супервайзері, бір кездері осы ұйымның басшысы Маурисио Сулейманның кеңесшісі болып жұмыс істеген Оксана Семенишина қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің мүмкіндіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлады Prosports.kz.

Қазақстандық бокс мектебі бүкіл әлемге танымал. Өздерінің отандасы Геннадий Головкин сынды, ең беделді нұсқалар бойынша жақын болашақта әлем чемпионы атануға қабілетті бірқатар жоғары білікті боксшылар бар. Егер Қазақстан кәсіби бокстағы өз амбициясы мен әлеуетін толығымен жүзеге асыра алса, жақын арада бірнеше чемпиондарға ие болады. Осыншама мықты боксшылары бар ел биіктерге ұмтылуы тиіс, - деген супервайзердің сөзін MTK Қазақстан Instagram желісіндегі парақшаларына жариялады.

Өзгелердің жаңалығы