Бас жаңалықтар
Қазақстанның ішкі нарығына 36 млн тоннадан астам көмір жөнелтілді
14 Қараша 2019, 10:45 683

Қазақстанның ішкі нарығына 36 млн тоннадан астам көмір жөнелтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,5 млн тонна көмір, энергия өндіруші кәсіпорындарға - 48,4 млн тонна және өнеркәсіп кәсіпорындарына - 5,9 млн тонна тиелді, деп хабарлады ҚР ИИДМ ресми сайты.

Жалпы көрсетілген кезеңге көмір өндіруші компаниялар 93,4 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (95,6 млн.тонна) 97,6% - ды құрайды. Төмендеу көрсеткіші энергия өндіруші және өнеркәсіптік кәсіпорындардың көмір өнімдерін тұтынуының азаюына байланысты.

Экспорт 24,2 млн тонна көмірді құрады немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 98,1%-ды құрайды.

Министрліктің 2019-2020 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік және халық үшін көмір тұтыну жоспарын қалыптастырғанын атап өту керек, осы жоспардың негізінде жергілікті атқарушы органдар апта сайын ақпарат ұсынады. Мәселен, жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету орташа алғанда: коммуналдық-тұрмыстық сектор 93,5%; халық 79,3% құрайды, - делінген ақпаратта.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірдің жылдық жеткізу кестесін толығымен қамтамасыз етті.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік және халық үшін көмірдің бағасы көмір разрезінің жөнелту бағасынан (әзірлеу жағдайына байланысты тоннасына 3-6 мың теңге), тасымалдауға кеткен темір жол тарифтерінен, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа жеткізетін делдалдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады, - делінген ҚР ИИДМ таратқан хабарлмада.

Көмірдің бағасын белгілеу және саудалық реттеу, сауда қызметін және тауар биржалары қызметін реттеу және бақылау Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің құзырына кіреді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...