Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

12 Қараша 2019, 03:23
1864
Бөлісу:
Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

12 қарашада Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 күтіледі. Петропавл қаласында 12 қарашада тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 күтіледі, - делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы