Қазақстанның екі өңірінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды

21 Қараша 2019, 07:12
1944
Бөлісу:
Қазақстанның екі өңірінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды.

Елордалық білім басқармасынан хабарлағандай, 21 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Сондай-ақ жергілікті білім басқармасының ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше өңірінде орта мектептердің жұмысы тоқтатылды. Атап айтқанда, Глубокое, Көкпекті, Абай, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарында, сонымен қатар Курчатов қаласында -28-34 аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып аралығында сабақ болмайды. 
Өзгелердің жаңалығы