Бас жаңалықтар
Қазақстанның екі аймағында дабылды ескерту жарияланды
11 Ақпан 2019, 17:31 866

Қазақстанның екі аймағында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Аймақтарда екпінді жел, тұман, сондай-ақ көктайғақ болады деп күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 12 ақпан күндіз -13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с; 14 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с; 13-14 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Сондай-ақ, 12 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында 12 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Екі аймақта да дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Сізден жаңалық