Бас жаңалықтар
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы азайды
16 Мамыр 2020, 03:56 362

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарлады. 

Сонымен, 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4389,4 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,1% азайды. Оның ішінде экспорт – 1227,7 млн АҚШ долларды құрады немесе 11,3%-ға кеміді. Ал, импорт – 3161,7 млн АҚШ долларын көрсетті немесе 2,1%-ға көбейді.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5%, Қырғызстан Республикасына – 4,1%, Беларусь Республикасына – 3,3%, Армения Республикасына 0,1% келеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...