Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы 2,1%-ға төмендеді

16 Мамыр 2020, 19:10
1408
Бөлісу:
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы 2,1%-ға төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы қаңтар-наурызда 2,1%-ға төмендеді. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.

2020 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 389,4 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,1 %-ға азайды. Соның ішінде экспорт – 1 227,7 млн АҚШ долларын (11,3 пайыз кеміді), импорт 3161,7 млн АҚШ долларын (2,1 % көбейді) құрады, – деп жазылған комитет ақпаратында.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5, Қырғызстан Республикасына – 4,1, Беларусь Республикасына – 3,3, Армения Республикасына 0,1 %-дан келеді.

Өзгелердің жаңалығы