Бас жаңалықтар
Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
20 Маусым 2019, 08:06 414

Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Бейсенбі күні Балқаш, Нұр-Сұлтан, Қарағанды,Теміртау және Шымкент қалаларында ауа ластануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия сияұты қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.      


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық