Қазақстанның 150-ден астам азаматы Испаниядан оралды

29 Наурыз 2020, 10:05
2055
Бөлісу:
Қазақстанның 150-ден астам азаматы Испаниядан оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 44 азаматы "Belavia" әуекомпаниясының рейсімен Барселона әуежайынан Минск арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшып кетті.


Бұл Мадридтегі Қазақстан Елшілігі және Барселонадағы консулдық қызметкерлерінің тиімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Олар Испаниядағы азаматтарымызға күнделікті барлық көмек көрсетуді жалғастыруда.  

Испанияда пандемияның жылдам таралуы жағдайында (72 мыңнан аса адам жұқтырған) және рейстердің басым көпшілігі тоқтаған кезде, Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі Мадридтегі Беларусь Елшілігі және «Belavia» әуекомпаниясының басшылығымен Барселонадан ұшуға билетті сатып алған барлық қазақстандық жолаушыларды отырғызуды қамтамасыз ету үшін 28 наурызда ұшатын әуе кемесін үлкенірек түріне ауыстыру туралы келісімге жетті.

Бірнеше күн бойы қазақстандық дипломаттар отандастарын еліне ұшудың нақты жолдары туралы «қолма қол» хабардар етіп, тез арада билеттерді сатып алуға, жағдайды болжау қиын кезде ұшуды кешіктірмеу керек екендігі туралы ақпараттандырып, мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттардың көмегімен 150-ден астам қазақстандық Испаниядан түрлі рейстермен ұшып кетті. Испанияға емделуге келген және кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына ерекше көңіл бөлінеді.
Өзгелердің жаңалығы