Қазақстаннан Делиге ұшулар уақытша тоқтатылады

6 Сәуір 2019, 17:37
2209
Бөлісу:
Қазақстаннан Делиге ұшулар уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эйр Астана" әуекомпаниясы Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Делиге Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшуларды 11 және 30 сәуір аралығында тоқтатуға мәжбүр. Бұл туралы ақпарат компанияның Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

Әуетасымалдаушы жағдайды мұқият бақылауда және әуе кеңістігі ашылғанда тұрақты рейстерді орындауды жалғастырмақ.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀
"2019 жылғы 11-30 сәуірде Қазақстанға оралатын жолаушыларға әуекомпания билеттерін интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондайды немесе жолаушылар билеттерін айыппұлсыз сатып алған орында немесе әуекомпанияның брондау және ақпарат орталығына немесе +7 (727) 2444477,+7 (717) 2584477 телефондары арқылы қайтара алады", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы