Бас жаңалықтар
Қазақстан өзбекстандық 10 түлекке грант бөледі
11 Желтоқсан 2019, 13:15 20061

Қазақстан өзбекстандық 10 түлекке грант бөледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ мемлекеттік заң университеті Өзбекстанның орта мектебін бітірген 10 түлегіне грант бөледі.

ҚазМЗУ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Қазақ мемлекеттік заң университетінде Өзбекстанның орта мектеп түлектеріне білім алуға және жатын орынға 10 гранттың бөлінетіндігін жария етті. Ол бұл жайында Scopus Award 2019 сыйлығын табыстау шарасы аясында Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары А.Абдухакимов пен Өзбекстанның Халыққа білім беру министрі Ш.Шерматовпен кездесуінде айтты, - деп атап өтеді университеттен. 

Талғат Нәрікбаев Ташкентке сапары аясында Өзбекстан Әділет министрінің орынбасары – Ташкент мемлекеттік заң университетінің ректоры Рахим Хакимовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының Консультативтік кездесуінде Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында білім алу құқығын бере отырып, өңірдегі әр мемлекетке 10 гранттан бөлуді ұсынған еді.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...