Қазақстандық теннисшілер Australian Open-2020 турнирінің үшінші айналымына шықты

25 Қаңтар 2020, 17:28
1105
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер Australian Open-2020 турнирінің үшінші айналымына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Михаил Кукушкин Мельбурндағы Австралия ашық чемпионатының (Australian Open) жұптық разрядының үшінші айналымына шықты.

Екінші раундта олар үш сетте кореялық дуэт Нам Джи Сун мен Сон Мин Кьюді жеңді. Қорытынды есеп – 6:7 (3), 6:4, 7:5. Айта кетейік, матч 2 сағат және 14 минутқа созылды.
Енді Бублик пен Кукушкин жарыстың ширек финалына шығу үшін Стив Джонсон/Сэм Куэрри (АҚШ) - Джейми Маррей/Нил Скупски (Ұлыбритания) матчының жеңімпаз жұбымен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Кукушкин (68-ші әлем ракеткасы) Австралия ашық чемпионатында жеке сайыстың бірінші айналымында ұтылып, жарыстан шығып қалған болатын. Ол австралиялық теннисші Марк Полмансқа (133-ші) есе жіберген еді. Тартысқа толы болған ойын 4 сағат, 19 минутқа созылып, 4:6, 3:6, 6:4, 7:6, 10:8, 6:4 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, турнирден Қазақстанның 1-ші ракеткасы Александр Бублик (56-шы) те бірінші айналымда жеңіліп қалды. Оның қарсыласы Джордан Томпсон (66-шы) 4:6, 3:6, 2:6 есебімен жеңіске жетті.

Қыздарға тоқталсақ, 1/8 финал үшін болған таласта қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open турнирінің 3-ші ракеткасы Симоне Халепке жол берді. Үшінші айналым матчы Халеп пайдасына 6:1, 6: 4 есебімен аяқталды.
Өзгелердің жаңалығы