Қазақстандық теннисші ITF турнирінің финалына шықты

9 Қараша 2019, 12:50
5821
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші ITF турнирінің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Анна Данилина швейцариялық Конни Перринмен бірге жұптық сайыста Чилиде өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Жарылай финалда Данилина мен Перрин жұбы германиялық Катарроина Герлах пен норвегиялық Мелани Стоккемен кездесіп, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Финалда олар Хейли Картер (США) және Луиза Стефанимен (Бразилия) кездесіп, өзара мықтыны анықтайды. 
Айта кетсек, 1995 жылғы Анна Данилина WTA рейтингінде 309-орында тұр.
Өзгелердің жаңалығы