Қазақстандық теннисші Бухарестегі турнирдің чемпионы атанды

13 Қыркүйек 2020, 20:54
966
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Бухарестегі турнирдің чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Тимофей Скатов Бухарестегі ITF турнирінің жеңімпазы атанды. 

Дүниежүзілік рейтингте 523-орында тұрған қазақстандық теннисші барлығы бес кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Соның ішінде Т.Скатов екінші айналымда жарыстың бірінші, әлемнің 284-ракеткасы, франциялық Мануэль Гинарды 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Бүгін финалда қазақстандық теннисші рейтингте 785-сатыда тұрған италиялық Франко Агаменонені 6:4, 6:4 есебімен ұтып, бас жүлдеге ие болды.

Өзгелердің жаңалығы