Қазақстандықтардың 100 млн доллары бұғатталды

28 Қаңтар 2019, 17:46
4275
Бөлісу:
Қазақстандықтардың 100 млн доллары бұғатталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Шетелде қазақстандықтардың заңсыз жолмен алған 100 млн доллардан астам қаражаты бұғатталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Шетелде қылмыстық жолмен алынған 100 млн доллардан астам қаржы анықталып, бұғатталды. Бұл бағытта жұмыстар жалғаса береді. Биыл мұндай келісімшартты Оңтүстік Корея, Куба, Грекия және Македониямен арада қол қоюды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Бас прокуроры.

Дәурен ЕРБОЛАТ

Өзгелердің жаңалығы