Қазақстандықтар Ресей мен Грузиядан елге жеткізілді

21 Наурыз 2020, 12:14
1499
Бөлісу:
Қазақстандықтар Ресей мен Грузиядан елге жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия тудырған әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандық әуе компаниялар Қазақстан азаматтарын қайтару рейстерін орындауда, деп хабарлады ҚР ИИДМ ресми сайты.

Өткен тәулік ішінде азаматтық авиацияның әуе кемелерімен шет елдерде қалған жолаушыларды тасымалдау үшін бірқатар рейстер жасалды. Эйр Астана әуекомпаниясы Тбилисиден Алматыға 143 жолаушыны, Скат әуекомпаниясы Мәскеу қаласынан (Внуково) 35 жолаушыны, оның ішінде транзитпен келген қазақстандық туристерді елімізге алып келді, - делінген хабарламада.





Өзгелердің жаңалығы