Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады

26 Мамыр 2020, 03:38
2594
Бөлісу:
Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымда мереке күндері болмағандықтан, қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндері жұмысқа бармайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Маусым айындағы 30 күн бес аптаға ұзарады. Оның төртеуіне демалыс күндері түседі. Сонда демалыс сегіз күн – 6, 7, 13, 14, 20, 21, 27 және 28 маусым күндері болады.

Еске салайық, маусымда қазақстандықтар тойлайтын бірнеше мереке бар. Алайда қазақстандықтар ол күні демалмайды. Олардың арасында кәсіби мерекелер:

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

4 маусым – Мемлекеттік символдар күні

5 маусым – Экологтар күні

23 маусым – Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күні

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

Маусымның екінші жексенбісі – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні

Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні


Өзгелердің жаңалығы