Бас жаңалықтар
Қазақстандықтар Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен отанға оралуда
26 Наурыз 2020, 12:50 65

Қазақстандықтар Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен отанға оралуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның қарқынды таралуына байланысты Қазақстанның Мексикадағы елшілігі Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен біздің отандастарымыздың елге оралуына көмек көрсетті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Осылайша, 13-25 наурыз аралығында біздің 127 отандасымыз Доминикан Республикасынан, 4 - Мексикадан, 3 - Панамадан және 3 - Коста-Рикадан оралды.
Аталған мемлекеттер халықаралық әуе қатынастарды тоқтату мен шетел азаматтарына халықаралық әуежайлардағы транзиттік аймақтардан шығуға тыйым салуларына байланысты бірқатар қиындықтар орын алған болатын. Аталған кедергілерге қарамастан, Мехико мен Мәскеудегі біздің дипломаттарымыздың үйлесімді әрекеттерінің арқасында көптеген ҚР азаматтарын Мәскеу арқылы транзитпен Қазақстанға аман-есен жеткізу жұмысы сәтті ұйымдастырылды, - делінген ақпаратта.

Қайтып оралған азаматтар Мексикадағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлеріне олардың мәселелерін және туындаған қиындықтарды шешуде тәулік бойы көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдірді.

Фото: дереккөз
Загрузка...