Қазақстандықтар көлік сатып, салық төлемей келген

23 Қыркүйек 2020, 11:44
2247
Бөлісу:
Қазақстандықтар көлік сатып, салық төлемей келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар көлік сатып, өткен жылдарға салық төлемей келген деп хабарлады МКК баспасөз қызметі.

Келіп түскен шағымдардың талдауы көрсеткендей, азаматтар сатқан көлік құралдары көбінесе уәкілетті органның тіркеу есебінен шығарылмаған немесе қайта ресімделмеген. Бұл ретте, көлік құралына салық төлеу бойынша міндеттеме салық заңнамасы бойынша осы азаматтарда қалады, - деп хабарлады комитет.

Салықтық міндеттеме бойынша ақпаратты түзетуге жіберілген 1507 өтінімнің 1282-сі биыл сатылған көліктер. Бұл 86%-ды құрап отыр. Салық органдары 2019 жыл және өткен жылдар үшін берешек туралы хабарламаларды таратты. Алайда, 2020 жыл үшін хабарлама әлі таралған жоқ. Қалған 225 шағымда көлік құралдары сенімхат бойынша сатылған. 

Еске сала кетейік, жеке тұлғалар салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді және салықты салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлейді. 

Көлік құралдарына салықты дербес есептеу үшін Мемлекеттік кірістер органдарының порталында ыңғайлы және пайдалануға оңай «Салық калькуляторы» арнайы сервисі бар. Салық органдары салық заңнамасының нормаларына сәйкес көлік құралдарына салықты 2019 жыл үшін 2020 жылы, 2020 жыл үшін 2021 жылы уәкілетті органның мәліметтері негізінде есептейді.

Бұл ретте осы жылдың наурыз айында елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты салық органдарында азаматтардың жаппай жиналуын болдырмау үшін салық берешегін өндіріп алу шаралары тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта елдегі жағдайдың тұрақтануына және карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты салық органдары 2019 жылға және өткен кезеңдерге, оның ішінде 2020 жылы сатылған көлік құралдары бойынша салық берешегі туралы хабарламаны азаматтарға жаппай тарату жүргізілді.

Осыған байланысты көлік құралдарын 2019 жылға және өткен кезеңдерге салық берешегін төлемей сатқан иелеріне салық берешегі туралы хабарлама жіберілді.

Бұл ретте егер көлік құралы меншігінде болмаса, қате мәліметтерді жедел түзету үшін «App Store» және «Play Market»-тен жүктеуге болатын «e-Salyq» мобильдік қосымшасында түзету сервисі әзірленді. Оның көмегімен азаматтар көлік құралын есептен шығару немесе ақпаратты түзету үшін уәкілетті органға жүгіне алады.

Егер өтініш берілгеннен кейін уәкілетті органның деректер базасына түзетулер енгізсе, салық органы салықты қайта есептеуді жүргізетініне назар аударамыз.

Өзгелердің жаңалығы