Қазақстандық танымал актер және каскадер Мұрат Мұқашев қайтыс болды

5 Шілде 2020, 12:01
3385
Бөлісу:
Қазақстандық танымал актер және каскадер Мұрат Мұқашев қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық танымал актер және каскадер Мұрат Мұқашев бүгін таңертең пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы оның досы және әріптесі Ерден Телемісов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Сене алар емеспін, бірақ бүгін түнде Мұрат Мұқашев қайтыс болды. Ол бір аптадай ауырды. Соңғы үш күнде температурасы көтеріліп, тыныс алу жолдарында қиындық туындады. Пневмония. Кеше таңертең оны дәрігерлер алып кетті. Бүгін таңертең 7:10-да ол қайтыс болды, - деп жазды актер.

Мұрат Мұқашев қазақстандық көрермендерге "Жасыл төбедегі менің үйім" картинасы, "Всемогущий", "Макмафия" хикаялары және басқа да жобалар арқылы танымал. 2012 жылы актер ағайынды Вайнштейндер продюсерлік еткен "Марко Поло" атты ауқымды тарихи сериалына түскен.

Өзгелердің жаңалығы