Қазақстандық танкшілер «Танк биатлонының» жартылай финалына шықты

9 Тамыз 2019, 18:07
1909
Бөлісу:
Қазақстандық танкшілер «Танк биатлонының» жартылай финалына  шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында «Танктік биатлон» жарысының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстан жалпыкомандалық есептің нәтижесімен жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жуырда қазақстандық үшінші танк экипажы жеке жарыс қорытындысы бойынша өз тобында 22 минут 39 секундта жарыс жолын жүріп өтті. Біздің үш экипаждың жарыс қорытындысын есептегенде қазақстандық команданың жалпы уақыты 1 сағат 6 минут 42 секундты құрады.

Жартылай финалға 8 команда жолдама алды. Олар: Ресей, Қытай, Беларусь, Қазақстан, Моңғолия, Әзербайжан, Венесуэлла мен Сирия. Жартылай финалдағы жарыстың жеребе қорытындысымен қазақстандық команда бұл жолы жасыл танкте Қытай, Әзербайжан мен Сирия командаларымен бір топта жарысады.

Жартылай финалдың «Эстафета» кезеңі табиғи және қолдан жасалған кедергілерден, ұрыс жолдарынан, атыс алаңдары мен жерлерінен, сондай-ақ айып уақыты алаңынан өту арқылы жүргізіледі. Бұл эстафетада әр елден бір танктен үш танк экипажы бір уақытта қатысады. Әр экипаж кедергілерді игеріп, нысаналарды бағындыра отырып 4 айналым жасайды. Аталған эстафета барысында атыс орнынан және алаңынан танкке орнатылған зеңбіректен, сонымен қоса қосарланған және зениттік оқшашардан атыс жүргізеді.
Өзгелердің жаңалығы