Бас жаңалықтар
Қазақстандық стартаптар 50 мың доллардан инвестиция тартты
23 Қыркүйек 2020, 11:30 95

Қазақстандық стартаптар 50 мың доллардан инвестиция тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub стартаптары QazTech Ventures және Quest Ventures-тен 50 мың доллардан инвестиция тартты, деп хабарлайды Astana Hub баспасөз қызметі.

Okoo, Qlang, Egistic, ApartX, Smart Gas және 1Fit стартаптары Kazakhstan Digital Accelerator халықаралық акселерациялық бағдарламасының бірінші легіне өтті. Kazakhstan Digital Accelerator - "QazTech Ventures" АҚ мен жетекші сингапурлық Quest Ventures қоры арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылған халықаралық акселератор.


Бағдарламаның шарттары бойынша конкурстық іріктеуден өткен барлық финалистер 50 мың доллардан инвестициялар алып, жобаларына дамытуға бағыттайды.

Төрт ай ішінде KDA бірінші ағынының қатысушылары көп жылдық тәжірибесі бар үздік халықаралық менторлар мен кәсіпқойлардан білім, консультациялар алып, өз жобаларын Оңтүстік-Шығыс Азияның инвесторларына ұсына алады. Бағдарламаға қатысуға қазақстандық және халықаралық стартаптардан барлығы 200-ге жуық өтінім келді. QazTech Ventures және сингапурлық Quest Ventures сарапшылары үшін жобаны бағалау кезінде іріктеуге қойылған басты шарттар - команда, міндеттер қою және қолдағы бар шешімдер, бизнес-идея және нарықтық құндылық, - деп жазды Astana Hub.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар инвесторлар мен бизнес өкілдері үшін Investors School венчурлық инвестициялау бойынша курсқа өтінімдерді қабылдайтынын хабарлады. Курсқа мына жерден тіркелуге болады.  



Бағдарлама нәтижесі бойынша осындай стартаптар өтті:

«ApartX» - жалға берушілерге арналған пәтерлерді қауіпсіз және қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін мобильді қосымша.

 «Smart Gas» - автопарктер мен автожанармай құю станцияларына логистикалық және маркетингтік шығындарды қысқарту есебінен өзінің табыстылығын арттыруға көмектеседі. Көлік құралдары мен жүргізушілерді сәйкестендірудің автоматтандырылған жүйесі автопарктер мен ЖҚС үшін отын төлеудің дәл әрі қарапайым процесін қамтамасыз етеді.

«Egistic» - егінді бақылауға арналған платформа.

«Okoo» - цифрлық кодтау мектебі. Ол онлайн кодтау курстарын, бейнематериалдарды, интерактивті жаттығуларды, озық аналитиканы, автоматтандырылған бағалау жүйесін біріктіреді.

 «QLang» - Бұл онлайн режимінде шет тілдерін үйренуге арналған e-learning платформа. Шешім топтық және жеке ұсыныстарды қамтиды.

 «1Fit» - қосымша күнделікті спорттық тәртіпке қол жеткізуді жеңілдетеді. 1Fit мүшелігін сатып алу денсаулыққа қатысты шешімдердің толық спектрін ұсынады.

«Aero» - қызмет емтихан кезінде алаяқтықтың алдын алу үшін білім беру мекемелеріне онлайн мониторинг қызметтерін ұсынуға бағытталған.

«Retail Analytica» - клиенттермен өзара әрекеттесуді бағалайтын гибридті жасанды интеллект жүйесі.


Фото: дереккөз
Загрузка...