Қазақстандық әскери қызметшілер бүкіләлемдік жарысқа қатысады

17 Қазан 2019, 04:32
2091
Бөлісу:
Қазақстандық әскери қызметшілер бүкіләлемдік жарысқа қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның әскери спортшылары Қытайдағы VII жазғы бүкіләлемдік әскери ойындарға қатысады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің Қарулы Күштерінің құрама командасын Алматыда салтанатты түрде шығарып салды.

"Дүниежүзілік әскери ойындар – бұл халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) аясында әскери қызметші-спортшылар үшін ұйымдастырылған мульти-спорттық жарыс. Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштердің намысын қорғайтын 103 адамнан тұратын делегация құрылды", - деп атап өтті шараның қонағы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлов.

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының бастығы Айталап Құрғамбаевтың айтуынша, аталымыш жарыс Олимпиядалық ойындардың аналогы және 4 жылда бір рет өткізіледі. Осы жылы ойынға әлемнің 132 мемлекетінен келген 8000 білікті әскери спортшылар спорттың 27 түрі бойынша сынға түседі. Олардың араларында бірінші орынға үмітті Олимпиадалық ойындардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, әлем чемпиондары бар.

Қазақстандық әскери спортшылар спорттың 11 түрі бойынша бақ сынайды. Атап айтқанда, таеквондо, еркін күрес, дзюдо, оқ ату, бокс, грек-римдік күрес, қазіргі бес сайыс, жүзу, спорттық бағдарлау, жеңіл атлетика и пентатлон.

Салтанатты шығарып салу рәсімінің соңында Қазақстанның туы 2015 жылғы бүкіләлемдік әскери ойындарының және Азия ойындарының жеңімпазы кіші сержант Әділет Дәлімбаевқа берілді.

"Мен әскери спортшылардың атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығына елдің намысын қорғауға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Әрине, Қазақстанның туы барынша жиі көтеріліп, еліміздің әнұранын жиі естігіміз келеді. Жарыстан басымызды тік көтеріп келетіндей жақсы нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімдімін", - деп атап өтті армия өкілі.

VII жазғы бүкіләлемдік әскери ойындар қазанның 18 – 28 аралығында Қытайдағы Ухан қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы