Қазақстандық боксшы бірінші раундта жеңіске жетті

14 Қыркүйек 2019, 07:55
1555
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы бірінші раундта жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) америкалық Решард Хиксті (12-0-1, 6 КО) жеңді, деп хабарлады Prosports.kz.

Нью-Йорктегі Hulu Theater залында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Данияр Елеусінов пен Решард Хикстің жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған. Алайда, Данияр бірінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 мамыр күні чилилік боксшы Луис Нормабуэнаға қарсы өткізіп, алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы