Қазақстандық боксшы қатысатын кеш тікелей көрсетіледі

3 Тамыз 2020, 22:18
1314
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы қатысатын кеш тікелей көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 тамызда Беларусь елінің астанасы Минскіде бокстан "Kоld Wars" халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған жекпе-жек кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий өнер көрсеті. Ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыз польшалық Камиль Соколовскийге қарсы жекпе-жекте IBO Inter-Continental белбеуін қорғайды.

Кештің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақта өнер көрсететін ресейлік боксшысы Сергей Шигашев британиялық Кингсли Эгбанайкпен жұдырықтасады.

Кәсіпқой бокс кешінің тікелей эфирде "ХАБАР" телеарнасы көрсетеді. Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:30-да басталады. 

Өзгелердің жаңалығы