Бас жаңалықтар
Қазақстандық БАҚ өкілдері әдеп нормаларын ұстану хартиясына қол қойды қабылдады
17 Сәуiр 2019, 17:57 520

Қазақстандық БАҚ өкілдері әдеп нормаларын ұстану хартиясына қол қойды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары 2019 жылғы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президенттік сайлау науқанын ақпараттық жағынан қамтамасыз еткен кезде әдеп нормаларын ұстану туралы хартияға қол қойды. Назарларыңызға хартия мәтінін ұсынамыз.

Сөз бостандығы адам құқығының ажырамас бір бөлігі болып табылатынына, ал Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабы әр адамның ақпаратты еркін іздеп, алу және тарату бостандығына құқығын бекітетініне назар аудара отырып; 

Қазақстан Республикасы Конституциясының сөз бостандығы туралы, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы туралы, цензураға тыйым салу туралы, Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу туралы ережелерін басшылыққа ала отырып; 

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздікті нығайту, экономика, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуы бойынша бағамының сабақтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатқан кездегі еліміз дамуының тарихи маңызды сәтінде, еліміздің қоғамдық-саяси өмірі туралы ақпаратты қазақстандықтарға объективті түрде беру бойынша жоғары жауапкершілікті сезіне отырып; 

Қазақстан халқының бірлігін, оның ауызбірлігін және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру - Қазақстан дамуының ХХІ ғасырдың ортасындағы басты мақсатына жету үшін экономиканы, әлеуметтік кеңістікті, қоғамдық сананы жаңғыртудың стратегиялық міндеттеріне ұстанушылығын толықтай қолдап; 

бұқаралық ақпарат бостандығын, Қазақстан Республикасының демократиялық және тұрақты дамуының басты кепілі болып табылатын еркін және адал сайлаудың өткізілуін қарастыра отырып, Біз, Қазақстан журналистері және БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын өткізілетін сайлауы бойынша сайлау кампаниясы кезінде осы Хартияның қағидалары мен ережелерін сақтауға міндеттенеміз. 

1. Осы Хартия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес әзірленді. 

2. Осы Хартияның басты мақсаттары мынадай: - сайлау барысының барлық кезеңдерін - орталық және басқа сайлау комиссисяның қызметі туралы, сайлау кампаниясының негізгі кезеңдері туралы, Президентікке үміткерлер мен олардың сайлау алдындағы акциялары туралы, дауыс беру қортындысының тәртібі, барысы және өткзізілуі туралы БАҚ-ның кәсіби, объективті және жедел түрде көрсетуі арқылы азаматтардың сайлау құқығының толық іске асырылуына жәрдемдесу; - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық тіркелген Президентікке үміткерлердің БАҚ-на бірдей рұқсатты беру; - сайлау процесінің барысы мен оның нәтиежелері туралы, сондай-ақ барлық Президентікке үміткерлер мен олардың сайлау штабтарының қызметі, көзқарастары мен саяси ұстанымдары, бағдарламалары туралы отандық БАҚ-ның адекватты, толық және анық мәлімдеуін қамтамасыз ету; - БАҚ-да сайлау кампаниясын ұйымдастыру, өткізу және нәтижелеріне қатысты тексерілмеген және дәйексіз ақпараттың таралмауына қарсы әрекет ету, соның ішінде сайлаушылардың электоралдық талғауларын көрсететін қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін жариялаған кезде. 

3. Осы Хартияға қосылған және қол қойған бұқаралық ақпарат құралдары, журналистер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мерзімінен бұрын өткізілетін сайлауды ақпараттық жағынан қамтамасыз еткен кезде мынадай қағидаларға ұстанушылығын мәлімдейді: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, кәсіби этика нормаларын және журналистердің мінез-құлық ережесін мүлтіксіз сақтау; 

2) Президентікке үміткерлер туралы, сайлау кампаниясы кезінде олардың бағдарламалары мен қызметі туралы материалдардың объективтілігі және бейтараптылығы; 

3) сайлау процесіне және Президентікке үміткерлердің ұстанымдарына қатысты ақпарат көздерін мұқият тексеру, әсіресе олар күмән туғызған жағдайда, сондай-ақ Президентке үміткерлердің намысына, абыройына және іскерлік беделіне әдейі нұқсан тигізетін материалдардың жариялануын болдырмау; 

4) социологиялық саулнамаларды өткізу мен жариялаудың белгіленген тәртібін және жағдайларын қолдану, соның ішінде бұл дауыс берудің алдағы күніндегі нәтижелерінің көрсеткіштері емес, тек нақты бір күндегі қоғамдық пікірді жазып алу екендігі туралы аудиторияны ескертумен жариялануын сүйемелдеуге; 

5) сайлауға дейін 5 күн бұрын және дауыс беру күнінде қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелері туралы материалдарды, сайлау кампаниясының және басқа да электоралды зерттеулердің нәтижелерінің болжамдарын жариялаудан және таратудан бас тарту; 

6) Ақпараттық хабарламалар және Президентке үміткерлерді қолдау ретіндегі агитациялық жарияланымдар арасындағы айқын және бір мәнді айырмашылықты өткізу. 

4. Осы Хартия өзара құрметке, мүдделерді мақұлдауға және есепке алуға, саяси мәдениет нормаларына ұстанушылыққа, шынайы және толық ақпаратты шартсыз пайдалануға негізделген БАҚ және сайлау процесінің барлық субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастың жүйесін құруды көздейді. 

5. Осы Хартия қоғам мен мемлекет мүдделерін есепке алу арқылы көпшілік мойындаған адам құқықтары мен бостандықтарының абсолютті артықшылығына жетуге бағытталған және өзара құрметке, қоғамдық бәтуаластыққа негізделген, сайлау процесін мәлімдеген кезде туындайтын мәселелерді күштеп немесе зорлықпен шешу нысандарын болғызбайтын саяси өзара әрекеттестіктің нысандарын ескереді. 

6. Осы Хартия барлық бұқаралық ақпарат құралдары, бірлестіктер және оның мақсаттарына, қағидаттарына және қағидаларына ортақтасатын тұлғалар үшін қол қоюға ашық болып табылады.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...

Сізден жаңалық