Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты

19 Ақпан 2020, 03:29
1593
Бөлісу:
Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы Азия біріншлігінде әлем рекордын орнатты. 


Қызылорда ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі Рахат Бекболат екі жарыстың қорытындысы бойынша 356(158+198) келі салмақты бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

2-ші орын алған ирандық спортшы Аболфази Хакунура қазақстандықтан 14 келі қалып қойды. 3-ші орынды Азимджон Ходжиев алды.

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Азия құрлығының 20 елінен 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысты.

Қазақстаннан 10 спортшы қатысқан болатын, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, біздің командада 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.
Өзгелердің жаңалығы