Қазақстанда жыл басынан бері бөлшек сауда көлемі артты

15 Тамыз 2019, 03:20
4289
Бөлісу:
Қазақстанда жыл басынан бері бөлшек сауда көлемі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде бөлшек сауда көлемі өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда едәуір артты. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады. 

Бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 5949,7 млрд теңгені құрады. 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,4% көп.

 14-3kz

Аймақтар бойынша тарқатып айтатын болсақ, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес  Алматы мен (31,7%), Нұр-Сұлтан қалаларына (12,2%), Шығыс Қазақстан (8,9%) және Қарағанды облыстарына (8,8%) келеді.

 14-4kz

Өзгелердің жаңалығы