Бас жаңалықтар
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өндірісі 16,7% өсті
16 Шілде 2019, 10:37 249

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өндірісі 16,7% өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-маусымда жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 16,7%-ға артты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен хабарлады.

Тоқыма бұйымдарының нақты көлем индексі (НКИ) 120,5%, киім – 108,4%, былғары және оған қатысты өнімдер - 97,2% құрады. Мақта талшығы, дайын тоқыма бұйымдары, сыртқы киім өндірісін ұлғайту есебінен тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінде өсу байқалады. Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде аяқ киім өндірісі көлемінің төмендеуі есебінен құлдырау байқалады.

Жалпы, қазақстандық өндірушілер бұрынғысынша қорғаныстық тапсырыс пен арнайы киімдер нарығын сақтауға тырысады, себебі олар өндірушілерге кепілді сату және талап етілмеген өнімнің ең аз тәуекелін қамтамасыз етеді.

"Қарапайым заттар экономикасын" дамыту мәселелері бойынша Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру шеңберінде 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді.

Сондай-ақ, аталған салаларда озық технологияларды қолдана отырып, жобаларды іске асыруға инвестициялар тарту бойынша шаралар көзделеді.

2019 жылы жалпы инвестиция сомасы 5 млрд теңгеге 4 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда, 849 жұмыс орны ашылды.

Атап айтқанда, олар: "Бал текстиль" ЖШС - кілем және кілем бұйымдарын шығаратын үшінші цех (3-кезең); "Назар Текстиль" ЖШС-синтетикалық иірілген жіп өндірісі; Azala Cotton" ЖШС-қоспалық иірімжіп өндірісі (2-кезең); "Семирамида" ЖШС - өндірісті жаңғырту және жейделер өндіру бойынша жаңа желіні іске қосу.




Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық