Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары ұзартылады

22 Наурыз 2020, 15:38
1801
Бөлісу:
Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары ұзартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары 20 сәуірге дейін ұзартылады.

Қазақстанда коронавирус COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі шектеу шараларына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттарын 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзарту, сондай-ақ 57 ел үшін визасыз режим туралы бұрын қолданыста болған ереже бойынша ҚР аумағына келген шетелдік азаматтардың болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады, - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналында.

Осы санаттардағы шетел азаматтарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданбайды.
Өзгелердің жаңалығы