Қазақстандағы коронавирусты ең аз жұқтырған облыстың ахуалы қандай?

9 Шілде 2020, 11:40
1201
Бөлісу:
Қазақстандағы коронавирусты ең аз жұқтырған облыстың ахуалы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің коронавирус індетімен қалай күресіп жатқанын айтты.

Қостанай облысында Covid-19 індетін алдын алу бойынша барлық іс-қимыл шаралар қабылданып жатыр. Өңірімізде 1314 адам осы вирусты жұқтырған. Оның ішінде 600-ден астамы симптомсыз, 375 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай, 6 адам осы індеттен көз жұмды. зерттеулер жүргізу барысында ауруға шалдыққандармен қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Ал 44 пайызы медицина мекемелеріне өздері жүгінген кезде анықталған, - деді Архимед Мұхамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәжілісінде.

Оның айтуынша, медицина қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырып алу фактілерінің тіркелуі алаңдаушылық тудырып отыр. 

Қазіргі уақытта облысымызда осындай 81 жағдай бар. Оның ішінде 26 дәрігер және 55 орта және кіші буын медицина қызметкері бар. Ондағы 7 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатысқан. Өңірде коронавирус инфекциясының диагностикасы 5 зертхана базасында ("Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертханалары, "Олимп" клиникалық-диагностикалық орталығы және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті базасындағы зертхана) жүргізіледі. Жалпы мұнда тәулігіне 2000-ға жуық тест алынады. Осыған дейін зертханаларда барлығы 46 мыңға жуық зерттеу жүзеге асырылған, - дейді әкім.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус індеті біразға дейін Қостанай облысында анықталған жоқ. Бұл өңір тізімге ең соңғы болып қосылды. Қазіргі кезде ең аз көрсеткіш те осы облыста тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы