Қазақстандағы ипотекалық несие беру өскен

30 Қаңтар 2019, 14:41
3589
Бөлісу:
Қазақстандағы ипотекалық несие беру өскен

Алматы, BAQ.KZ,тілшісі. Бөлшек несие бағыттары бойынша ең үлкен өсім кепілсіз несиеге тиесілі болып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша олардың үлесі 54,1 пайыз болды. Бұл туралы Бірінші несиелік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, 2018 жылы 6,6 миллионға жуық тұтынушыға 1,9 трлн соманың заемі берілген. Несие алушылардың орташа чегі 286 мыңға дейін төмендеген, 2017 жылы бұл көрсеткіш 305 мың болған екен.

«Жалпы айтқанда орташа берілімдер бойынша көрсеткіштер ипотекадан басқа бөлшектік несие берудің барлық секторларында да төмендеген. Қазақстандағы орташа ипотекалық несие 7,4 млн-нан 7,9 млн-ға дейін өсіп отыр, ал сектордың өзі бөлшектік қоржынның жалпы көлемінің 25 пайызын құрайды. Ипотекалық несиелерді берудің жиынтық сомасы 47 пайызға көбейген. 2018 жылы сомасы 600 млрд теңге болатын 75 мың осындай несие берілген»,-деді бюро директоры.

Сондай-ақ автонесиелер нарығы да осындай белсенді динамиканы көрсетіп отыр екен. Бұл сегменттегі бір жылдық көрсеткіш 106,6-дан 175,8 млрд-қа дейін өскен. Егер қазақстандықтар 2017 жылы 32,4 мың автонесие алса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 53,9 мыңға дейін жеткен. Бұл салада микроқаржылық ұйымдар нарығына 25% тиесілі болып отыр.

«Несиелік карталар нарығы ең шағын, бірақ өте белсенді, тез өсіп келе жатқан сала. Бұл сектордағы қоржын сомасы 68,9 млрд теңгеге тең болса, ал оның берілімі 93,2 млрд теңгегеге дейін өскен. Жалпы алғанда Қазақстанда қолданыста 658600 несиелік карта бар, ал орташа несиелік шектеу – 100 мың айналасында»,-дейді Әсем Нұрғалиева.

Сонымен қатар ол, бөлшектік несиелік қоржын сапасы жақсарып келе жатқанын және қазір уақыты өтіп кеткен бөлшектік қарыз үлесі 14,1 пайызды құрап отырғанын жеткізді.

«Бұл 2018 жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда 1,6 пайызға төмен. Бизнес-несиелер сегментінде мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі 18 пайызға тең»,-дейді ол.

Сондай-ақ ол, несиелік белсенділік аясында қазақстандықтардың несиелік денсаулық индексі бір жылда 69 пайыздан 66 пайызға төмендегенін айтты.

«Бұл дегеніміз, заем алушылардың осынша пайызы өз несиелеріне орай табысты қызмет етеді деп айтуға толық сенім бар. Бейтарап аймақта 14,5 пайыз қалса, заем алушылардың 19,5 пайызы 90 күннен артық мерзімдік ауытқушылыққа шыққан»,-деді бюро директоры.


Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы