Қазақстандағы Грузия елшісі вирус жұқтырды

19 Маусым 2020, 15:13
1343
Бөлісу:
Қазақстандағы Грузия елшісі вирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Грузия елшісі Зураба Абашидзеден COVID-19 анықталды.

Sputnik Грузия агенттігінің мәліметінше, Абашидзе қазақстандық дәрігерлердің бақылауында және ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар Грузия дәрігерлері де қашықтан кеңес беріп, жағдайын біліп отыр.

Дегенмен дипломаттың ауруханаға жатқызылғаны және сырқатының қандай жағдайда екені айтылмаған.

Елімізде вирус жұқтырған науқастар арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бар.

Жалпы Қазақстан бойынша вирус жұқтырғандар саны 16 351 адам.
Өзгелердің жаңалығы