Бас жаңалықтар
Қазақстандағы экономикалық белсенділік 3% деңгейде өседі – халықаралық сарапшылар
11 Наурыз 2019, 17:44 960

Қазақстандағы экономикалық белсенділік 3% деңгейде өседі – халықаралық сарапшылар

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы 8 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі фактор - мемлекеттің мықты балансы, сондай-ақ 2022 жылға дейінгі сарапшылардың болжамындағы сыртқы қарыздан асатын өтімді активтер.

«Сарапшылар 2019-2022 жылдары экономикалық белсенділіктің орташа есеппен 3% деңгейінде өсуін болжап отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға және өндіруші саланың өсуіне байланысты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, S&P сарапшыларының болжамы бойынша, жаңа салық кодексінің арқасында мемлекеттік кіріс біртіндеп артады. Салық кодексі теңгерімсіздікті азайтып, салық базасын ұлғайта және қазынаның шоғырлануына ықпал ете отырып, ерекше жағдайлар мен артықшылықтарды оңңтайландыру арқылы кірістерді молайтады.

Бұдан басқа, теңгенің тұрақтандырылуы, сондай-ақ ҚРҰБ өткізген түрлі шараның нәтижесінде экономиканы долларсыздандыру жалғастырылады.

Ведомствоның мәліметінше, «Тұрақты» болжамы S&P болжамын айқындайды: алдағы екі жылда мемлекеттік және сыртқы баланстар тұрақты болады.


Загрузка...

Сізден жаңалық