Қазақстанда тауар экспорты импортқа қарағанда екі есе артық

24 Маусым 2019, 10:12
2492
Бөлісу:
Қазақстанда тауар экспорты импортқа қарағанда екі есе артық

Алматы, BAQ.KZ. Мұндай талдауды отандық сараптама компаниясы жүргізген. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

Сарапшылардың мәліметінше, Ресей еліміздің басты әріптесі болып отыр. Ол елге біз барлық тауардың 19% экспортайды екенбіз. Біздің тауарды сатып алу бойынша екінші орында Италия тұр. Онда жіберілген тауардың мөлшері 14% құрайды.

Қазақстан шетелге негізінен мұнай және мұнай өнімдерін, металл, металдан жасалған бұйымдар, сонымен қатар азық-түлік экспорттайды. Импортқа келер болсақ, шетелден Қазақстанға автокөлік, құрал жабдықтар, сондай-ақ химиялық өнімдер импортталады екен.

Өзгелердің жаңалығы