Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

13 Қараша 2019, 20:30
2589
Бөлісу:
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қазанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 289,9 мың теңгені құрады, бұл өткен жылғы қазанға қарағанда 9,3% артық (265,3 мың теңге).

Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады деп жазады 7kun.kz.

Абаттандырылған екінші деңгейлі тұрғын үй бір жыл ішінде 7,5%, шаршы метр үшін 184,9 мың теңгеден 198,7 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы 8,6%, 1,5 мың теңгеге дейін көтерілді.

Сонымен қатар, өткен аймен салыстырғанда республика бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сату бағасы 1,5%, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату — тиісінше 0,7% өсті. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 0,9% жоғары болды.

Өңірлік бөліністе тұрғын үйдің ең жоғары бағасы үш мегаполис пен Атырауда тіркелді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен Ақтөбеде жылжымайтын мүлік құны арзан.

Өзгелердің жаңалығы