Қазақстанда сұранысқа ие университеттер анықталды

15 Мамыр 2020, 18:35
1314
Бөлісу:
Қазақстанда сұранысқа ие университеттер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі Қазақстан жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингін жариялады.

Зерттеу нәтижелері бойынша алғашқы үштікке Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (1 орын), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (2 орын) және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (3 орын) енген. Жалпы рейтингке қатысу үшін республика бойынша 89 ЖОО өтінім беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген.

Агенттіктің мәліметінше, рейтинг нәтижесі төмендегі критерийлер бойынша бағаланды: 

- білім беру сапасының халықаралық көрсеткіші ретінде институционалды және бағдарламалық аккредиттеу; 

- адами ресурстардың даму деңгейі; 

- жоғары білімді интернационалдандыру; 

- ғылыми зерттеулердің даму деңгейі; 

- жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы түлектерге сұраныс.

Биылғы рейтингінің ең басты ерекшелігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын топтар бойынша саралау болып табылады.

Қазақстандағы жоғары оқу орындарына сұраныстың 2020 ұлттық рейтингі туралы толық ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыздар.



Өзгелердің жаңалығы